+ Увеличить шрифт | - Уменьшить шрифт
Сырдарьинская
районная больница
Управление здравоохранения Кызылординской области
Call-центр8 (72436) 79-9-11Версия для слабовидящихОбычная версия сайта

Новости

ГлавнаяНовостиВолонтерлар жиналысы болып өтті

Волонтерлар жиналысы болып өтті

Сырдария аудандық ауруханасында 2020 жыл «Волонтер» жылы деп жариялануына сәйкес Сырдария аудандық ауруханасында Волонтерлар жиналысы болып өтті.
Жиналыс барысында, Сырдария ауданы бойынша 2020 жыл «Волонтер жылын» өткізу жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары аудан әкімі Р.Рүстемовпен бекітіліп, іс – шара жоспарына сәйкес жұмыстардың уақытылы әрі сапалы орындалуы және іс - шара жоспарына сәйкес Сырдария аудандық ауруханасына Денсаулық сақтау саласына түрлі бағытта волонтерлерді тартып, еріктілер тобын құрып және қызметін ұйымдастыру, жыл көлемінде «Birgemiz» «Saylyq» жалпы ұлттық жобасын іске асыру тапсырылғандығы жөнінде айтылды.

Дәрігер С.Асанова: - қазіргі таңда ауруханада “Медициналық еріктілер” жобасы іске асырылып жатыр. Олардың негізгі мақсаты аурулардың алдын алу үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, тегін медициналық көмекпен қамтамасыз ету. Сырдария аудандық ауруханасында 2019 жылдан бастап «Жүректен жүрекке» еріктілер тобы құрылған. Топ құрамына жұмысқа жаңа қадам басқан жас мамандар тартылды. Бұл құраммен шектелмей тағыда дәрігерлер мен орта буын қызметкерлерін белсенділік танытып, топ құрамына тарту жұмыстары жасалуда екенін атап көрсетті.
Сонымен қатар, алдағы атқарылатын жұмыстар:
1.Диспансерлік есепте тұратын науқастарға уақыты медициналық көмекпен қамтамасыз етілуін жүзеге асыру.
2. Ашық есік күндерін жариялау.
3. Денсаулық фестивальдарын ұйымдастыру.
4.Үйінде қараусыз, жалғыз басты қалған науқастарға медициналық және т.б көмек көрсету.
5.Мектеп оқушыларына профилактикалық мақсатта іс-шаралар ұйымдастыру.
Және аудан бойынша көп балалы отбасылар, жалғыз басты, жұмыссыз, тұрмысы төмен, мүгедек жандардың тізімі алынып, бөлімшелер бойынша көмек көрсету жоспарымен таныстырды.

Сервисы

Президент Республики КазахстанНурсултан Абишевич
Назарбаев

Медицинские организации

Здравоохранение в цифрах
Итоги за 3 квартал 2018 года

Фото

Видео