+ Увеличить шрифт | - Уменьшить шрифт
Сырдарьинская
районная больница
Управление здравоохранения Кызылординской области
Call-центр8 (72436) 79-9-11Версия для слабовидящихОбычная версия сайта

Новости

ГлавнаяНовостиНашақорлық – ерекше дерт

Нашақорлық – ерекше дерт

Есірткі заттарын тұтыну дәстүрі ежелден белгілі, сондай –ақ оған қарсы күрес сол кезден бастап жүргізіліп келеді. ХІІІ ғасырда Египет пен Сирия елінің билеушісі болған Бейбарыс І сұлтанның өмірі жөніндегі «Спарт Бейбарыс» халық эпосының бір үзіндісінде оның Каир қаласының түкпірлі бөлігінде жемқорлықпен, жезөкшелікпен және гашиш шегуге қарсы қалай күрескені жөнінде баяндалады. ХІХ ғасырға дейін, мыңжылдықтар бойына есірткі заттар табиғи түрінде қолданылды. 

Мәселен, кока жапырағы мен апиын магы гүлінде болатын кокаин мен морфий қолға оңай тиетін. Оларды шайнап, алкогольді ішімдіктерге ерітіп қолданды, алайда ондағы белсенді заттар әсері төмендейтін. Бір ерекшелігі есірткі заттарды тек ересектер пайдаланып, олардан балалар мен жасөспірімдер аулақ болды. Органикалық химия өндірісінің дамуы мен морфий, кокаин, одан кейін героин сияқты психикалық белсенді заттардың синтезделуіне  сәйкес есірткілік заттарды қолдану түрі мен оларды тұтынатын контингент өзгерді. Ал ХІХ ғасырдың ортасында тері астына дәрі егетін шприцтердің жасалуына байланысты наркотикалық заттар медицинадан өзге мақсатта қолданыла бастады. ХХ ғасырдың 60 ншы жылдарында есірткілік заттарды шектен тыс балалар мен жасөспірімдер пайдаланып, нашақорлық барлық контингенті қамтыды, дүниежүзілік проблемаға айналды. ХХ ғасырдың басында Африка мен Азия тұрғындарының ең кемі 200 миллион адамы гашиштік нашақорлыққа шалдыққан.

Әлеуметтік  құбылыс ретінде нашақорлық соңғы жиырма жылдықта кең қанат жаюда. Оның неліктен болатындығы жөнінде көптеген себептерді атап көрсетуге болады. Бұл жұмыссыздық, ауыр материалдық жағдай, психологиялық проблемалар сияқты әлеуметтік өзекті мәселелердің болуы әбден мүмкін. Нәтижесінде ең жаны жаралы, қорғалмағандар ретінде балалар мен жасөспірімдер көзге түседі.  өйткені олар тұлға ретінде әлі қалыптасып үлгірмеген. Әрине, егер отбасында махаббат пен үйлесімділік билік құрса, Сіздің балаңыз махаббатқа, мейірімге, жан жылуына және түсіністікке баламаны қиындық басына түскенде аулалық компаниядан іздей қояр ма екен.

Сервисы

Президент Республики КазахстанНурсултан Абишевич
Назарбаев

Медицинские организации

Здравоохранение в цифрах
Итоги за 3 квартал 2018 года

Фото

Видео