+ Увеличить шрифт | - Уменьшить шрифт
Сырдарьинская
районная больница
Управление здравоохранения Кызылординской области
Call-центр8 (72436) 79-9-11Версия для слабовидящихОбычная версия сайта

Новости

ГлавнаяНовостиЖедел ішек инфекциясы

Жедел ішек инфекциясы

Жедел ішек инфекциясы – ас қорыту жолдарын зақымдайтын инфекциялық аурулар тобына жатады. Ішек инфекциясының басты белгілері: дене қызуының жоғарылауы, әлсіздік, тәбетсіздік, іштің ауырсынуы, құсу мен іш өту болып табылады.

Егер, Сізде немесе балаларыңызда жоғарыда аталған  белгілер болса, диагнозды дұрыс қою және асқынуды болдырмау мақсатында міндетті түрде аймақтық дәрігерге  қаралыңыз немесе 79-9-11 номеріне  емхана тіркеу орнына  хабарласып,  дәрігер шақыртыңыз.

Өз-өзіңізді емдеу, Сіздің және балаңыздың жағдайын нашарлауына әкеліп соқтыруы мүмкін. Себебі, құсу немесе іш кету кезінде адам бойындағы сұйықтықты жоғалтады, соның нәтижесінде жүректің, қан тамырлардың, бүйректің және басқа да ағзалардың қызметінің бұзылуына әкеп соғады.  

Жедел ішек инфекциясының алдын алу шарттары:

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Қауіпсіз тамақтанудың бес негізгі қағиларын» сақтауға кеңес береді:  
1/ таза суды пайдаланыңыз немесе оны қауіпсіздік ету үшін тазартыңыз;
2/ жаңа піскен және қауіпсіз өнімдерді тандаңыз;
3/ пастерленген сүт сияқты, қауіпсіздік үшін өңдеуде өткен өнімдерді тандаңыз; 
4/ жемістер пен көкөністерді жуыңыз, әсіресе егер олар шикі түрінде тағамда пайдаланса;
5/ тағам өнімдерін жарамдылық мерзімі өткен соң пайдаланбаңыз.
Тағамды қабылдау алдында және түрлі өнімдерді өндеу арасында қолды жуып тұру керек.
1/ Жедел іш кету немесе құсу кезінде ағзада болатын сусыздануды түзету үшін  емізулі балаға тек емшек сүтімен  қоректендіріңіз. 
2/ 5 жасқа дейінгі балаңызға қайнатылған су бере беріңіз. 
3/ Дәрігер келгенше су-электролитті тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін регидрон беруге болады.  Дайындау әдісі /1 литр қайнаған суға 1 пакет ұнтақты езіп, шай қасықпен бала ішкенше бере беріңіз/. Регидронды  есептеу үшін, баланың салмағын х75 көбейту керек. Мысалыға баланың салмағы 10 кг болса, регидроннан 750 мл ерітіндісін 4 сағаттың ішінде ішкізесіз. 
4/ Баланың іші кеткен күні дәрігер шақыртыңыз немесе  емхананың ауызбен суландыру кабинетінен ем алыңыз.

Сервисы

Президент Республики КазахстанНурсултан Абишевич
Назарбаев

Медицинские организации

Здравоохранение в цифрах
Итоги за 3 квартал 2018 года

Фото

Видео