+ Увеличить шрифт | - Уменьшить шрифт
Сырдарьинская
районная больница
Управление здравоохранения Кызылординской области
Call-центр8 (72436) 79-9-11Версия для слабовидящихОбычная версия сайта

Новости

ГлавнаяНовостиАуыз ашар беру өте маңызы зор сауапты іс

Ауыз ашар беру өте маңызы зор сауапты іс

Ауыз ашар беру өте маңызы зор сауапты істің бірі. Осы тұста, берекелі Рамазан айының 27-ші жұлдызында Сырдария аудандық ауруханасының ұйымдастыруымен аудандық Мешітте ауызы берік жамағатқа дастархан жайылды. 

Ауызашарға сала қызметкерлері мен ардагерлері, мекеме басшылары, аудан ақсақалдары, мешіт қызметкерлері қатысты.

Сала ардагерлері жамағатты қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ауыз бекіткен ағайынға жылы лебізін жолдады. Сонымен қатар, ізгі амалдар мен игі қадамдарға, жақсылық пен береке-бірлікке жетелейтін бұл айдың қадір-қасиеті жайында әңгімеледі. 

Ауызы берік жандарға дәм ұсынған аудандық аурухана ұжымына алғыстарын білдірді.
Мол жайылған дастархан басында адамдар бір-бірін мұсылмандар үшін киелі – Рамазан айымен құттықтап, мықты денсаулық, ашық аспан, бейбітшілік және береке тілеп, ата-баба рухына Құран бағышталды.

Рамазанның санаулы күндерінде сауапты істерге асығайық. Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!

Аудандық аурухана әкімшілігі

Сервисы

Президент Республики КазахстанНурсултан Абишевич
Назарбаев

Медицинские организации

Здравоохранение в цифрах
Итоги за 3 квартал 2018 года

Фото

Видео