+ Увеличить шрифт | - Уменьшить шрифт
Сырдарьинская
районная больница
Управление здравоохранения Кызылординской области
Call-центр8 (72436) 79-9-11Версия для слабовидящихОбычная версия сайта

Новости

ГлавнаяНовости2019 жылдың қорытынды жиналысы өтті

2019 жылдың қорытынды жиналысы өтті

Ағымдағы жылдың 28-ші қаңтары күні Сырдария аудандық ауруханасының мәжіліс залында 2019 жылдың қорытынды жиналысы өтті. Жиналысқа облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Шүкірова Анаркүл Әлиқызы қатысты.
 

Бас дәрігердің уақытша міндетін атқарушы Искендирова Алия Аманжолқызы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы баяндама жасады:

- Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында халық денсаулығын жақсарту жолында медициналық қызмет сапасын арттыру, халықты қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету, профилактикалық медицинаны дамыту, ана мен бала денсаулығын қорғау, алғашқы медико-санитариялық көмекті жетілдіру, сондай-ақ мекеменің материалдық-техникалық базаларын нығайту, нысаналы индикаторларға қол жеткізу бағытында облыс әкімінің орынбасары бекіткен Жол карталар аясында жыл бойы қарқынды іс - шаралар жүзеге асырылды.

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында дәрігерлер тапшылығын төмендету мақсатында емханаға 9 дәрігер ауданға тартылып, пәтерге қажеттілік білдірген жас мамандарға аудан әкімшілігі қызметтік пәтер бөліп, дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші 95%-ға жеткізілді. Аурухананың техникалық базасын нығайту мақсатында облыстық бюджеттен және мекеме қаражаты есебінен цифрланған рентген аппарат, 4 пациент мониторы, ИВЛ аппарат, жаңа туған нәрестелер инкубаторы, операциялық стол, 6 пульсоксиметр, 3 санитариялық автокөлік алынып мекеменің медициналық құрал-жабдықтармен қамту көрсеткіші 80,1 дан 89,4%-ға көтерілді.

ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мелекеттік бағдарламасын орындау шеңберінде аймақтық дәрігерлер жүктемесін азайту және тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмек сапасын арттыру мақсатында, 2017 жылы қосымша 3 аймақ ашылып, бір аймаққа орташа 1800 адамнан бекітілсе, 2018 жылы қосымша 1 аймақ ашылып, 2019 жылы 2 аймақ ашылып, бір аймаққа орташа 1717 халықтан бекітіліп белгіленген мәресіне жеткізілді. Сонымен қатар, С.Сейфуллин фельдшерлік-акушерлік бекеті дәрігерлік амбулаторияға өзгертілді. Бұл медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға үлесін қосады деп ойлаймыз.

Атқарылған іс-шаралар нәтижесінде ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша мақсатты индикатор көрсеткіштеріне қол жеткізу 88,8% құрағанын атап өтті.
Жиналыс барысында аудандық аурухана қызметкерлері ой пікір алмасып, бас дәрігердің уақытша міндетін атқарушы А.Искендирова облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары А.Ә Шүкірованың ұсыныстары мен қойылған сұрақтарына жауап берді.

 

Сервисы

Президент Республики КазахстанНурсултан Абишевич
Назарбаев

Медицинские организации

Здравоохранение в цифрах
Итоги за 3 квартал 2018 года

Фото

Видео