+ Увеличить шрифт | - Уменьшить шрифт
Сырдарьинская
районная больница
Управление здравоохранения Кызылординской области
Call-центр8 (72436) 79-9-11Версия для слабовидящихОбычная версия сайта

Наблюдательный совет

ГлавнаяНаблюдательный совет

План работы

Положение о наблюдательном совете

Положение о секретаре Наблюдательного совета

Правила оценки деятельности членов набдюдательного совета и определения лимита выплаты вознаграждения членам наблюдательного совета

 



Председатель Наблюдательного совета

Шукирова Анаркуль Алиевна

Шукирова Анаркуль Алиевна 

Байқау кеңесінің төрағасы, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау сұрақтары жөніндегі орынбасары

1967 жылдың  22 қарашада  Қызылорда қаласында  дүниеге келген.
Білімі: жоғары,  Ақтөбе мемлекеттік медицина институты педиатрия факультеті.

Жұмыс өтілі:1992-1993 жж. - Қалалық перзентхана дәрігер - интерн.

1993-1994 жж.- Сырдария аудандық ауруханасы, акушер-гинеколог.
1994 – 2002 жж. – Қалалық перзентхана,  акушер-гинеколог.
2007 – 2009 жж. – Қызылорда облысының медициналық орталығы – перинатальдық орталығының кеңес беру бөлімшесінің меңгерушісі.
2009 – 2013 жж. – Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі бас маман.
2013 - 2014 жж – ҚР ДСжӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Медициналық қызметті бақылау бөлімінің басшысы.
2014 – 2017 жж – ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Медициналық қызметті бақылау бөлімінің басшысы.
2017 – 2017 жж - ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комииетінің Қызылорда облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Медициналық қызметті бақылау бөлімінің басшысы.
2017 – 2018 жж - ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комииетінің Қызылорда облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары.
2018 жылдан бастап «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ- ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.

Отбасында 1 ұл тәрбиелеп отыр.

Члены Наблюдательного совета

Бекбергенова Әсия Мүсілімқызы

Бекбергенова Әсия Мүсілімқызы 

Амбулаториялық – емханалық қызметі бар Жалағаш аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері
     22 ақпан 1960 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында туылған, ұлты қазақ, білімі жоғары.
   1977-1978 жылы Қармақшы ПМК – 83 мекемесінде 1-разрядты жұмысшы болып еңбек жолын бастаған.
   1978 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтына түсіп, 1985 жылы осы аталған институттың толық курсын «педиатрия» мамандығы бойынша бітіріп шыққан.
   1985-1986 жылдар аралығында Қызылорда қалалық балалар ауруханасында педиатрия мамандығы бойынша бір жылдық интернатурадан өткен.
   1986 -1996 жылдар аралығында Қаармақшы аудандық емханада аймақтық дәрігер педиатр болып қызмет атқарған.
   1996 – 2003 жылдар аралығында Қармақшы аудандық орталық ауруханасында балалар бөлімшесінің меңгерушісі болып қызмет арқарған.
   2003 жылдың тамыз айынан бастап аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің  ана мен бала жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
2012 жылдың ақпан айынан бастап Қармақшы аудандық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері.
     Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының 19.07.2016 жылғы №385-ж бұйрығымен Амбулаториялық – емханалық қызметі бар Жалағаш аудандық орталық ауруханасы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері қызметіне тағайындалды.
    2016 жылдан бастап Қармақшы ауданы маслихатының депутаты.
    2017 жылдан бірінші санатты «Қоғамдық денсаулық сақтау, әлеуметтік гигиена және денсаулықты сақтауды ұйымдастырушы».
   Бірнеше рет аудандық, облыстық әкімдігінен және денсаулық сақтау басқармасының Құрмет Грамотасымен, 2016 жылы «Тәуелсіздік 25 жылдығына» орай медальмен, 2017 жылы «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің Үздігі» құрметті төсбелгісі» марапатталған.
    Отбасылы, екі бала, бес немере тәрбиелеп отырған ана.
 

Жақып Еркебұлан Төлепбергенұлы

Жақып Еркебұлан Төлепбергенұлы

«Нұр Отан» партиясы Сырдария аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
1981 жылы 16 қазан айында А.Тоқмағанбетов ауылында дүниеге келген. 1988 жылы №135 орта мектептің бірінші сыныбына қабылданып 1999 жылы аталған мектепті бітірген. Сол жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің жаратылыстану факультетіне түсіп,  2003 жылы  георафия – биология пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша, 2011-2013 жылдары «Болашақ» университетінің экономика бакалавры мамандығы бойынша бітірген.
2003 – 2006 жж - №135 орта мектепте география-биология пәнінің мұғалімі
2006- 2006 жж - Аудандық білім бөлімінің / уақытша/ жетекші маманы.
2006 – 2010 жж - Аудандық білім бөлімінің жетекші маманы.
2010 – 2010 жж - Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, бақылау және кадр жұмыстары бөлімінің бас маманы.
2010 - 2014 жж - Аудан әкімі орынбасарының көмекшісі.
2014 – 2016 жж - Аудан әкімі аппараты ұйымдастыру және  инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы.
2016 – 2017 жж - Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы.
2017 жылдан бастап Сырдария аудандық мәслихатының депутаты. 2017 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясы Сырдария аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келеді.
«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары А.Мырзахметовтен "Алғыс хат" 2015ж., Қызылорда облысының әкімі Е.Көшербаевтың «Алғыс хаты» 2015ж., аудан әкімі Ғ.Қазантаевтың "Құрмет грамотасы" - 2016 ж, ҚР Президенті Қ.Тоқаев «Алғыс» 2019 жыл марапатталған.
 

Каюпов Сламбек Шахапұлы

Каюпов Сламбек Шахапұлы 

1960 жылы 30 қарашада Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Қоғалыкөл ауылында дүниеге келген. 
1967-1977 ж.ж №44 орта мектебінде оқыды. 
1978-1983 ж.ж Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институттың бастауыш класс мұғалімі және орыс тілін оқыту мамандығын қоса бітіріп шықты.

Еңбек жолы:
1977-1978 жылдары Жамбыл атындағы совхозда жұмысшы.
1983-1984ж.ж Қызылорда қаласындағы №144 Ленин атындағы орта мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.
1984-1985 ж.ж Жамбыл атындағы совхозда комсомол комитетінің хатшысы.
1985-1986 ж.ж  Совет армиясы қатарында әскери борышын өтеді.
1987-1988 ж.ж   Совхозда диспечер.
1988-1997ж.ж Жамбыл совхозында іс жүргізуші, аға инспектор.
1997-2005 ж.ж Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы ұйымдастырушысы.
2005 жылдын осы уақытқа дейін мектеп директоры.
2017 жылы ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша», 
2019 жылы «Қазақстан Республикасы орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде бастауыш сынып пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша» курстан өткен.  
 Аудандық мәслихаттың IV, V ,VI шақырылымындағы депутаты, білім саласы бойынша тұрақты кеңестің төрағасы. Білім саласында жас ұрпаққа сапалы білім саналы тәрбие беруде қосқан үлесі үшін: «Қазақстан мәслихаттарына 20-жыл мерекелік медалімен» 2014ж, Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» медалімен 2014ж, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін университеттің 75 жылдық мерекелік медалімен 2015ж, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекелік медалімен 2016ж, «Сырдария ауданына 90 жыл» мерекелік медалімен 2018ж,
Облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен» 2014ж, Облыстық кәсіподақ комитетінің «Құрмет грамотасымен» 2014ж, Облыстық «Нұр Отан» партиясының «Құрметімен»2014ж,  Астан медицина университеті ректорының «Алғыс хатымен» 2014ж Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің «Алғыс хатымен» 2016ж, марапатталды. Қазіргі уақытта 3 қыздың әкесі, немерелерінің сүйікті атасы.

Ембергенов Жұмабек Әшімұлы

Ембергенов Жұмабек Әшімұлы

Сырдария аудандық мәслихат депутаты

1976 жылы 02 сәуірде Қызылорда облысы ,Тереңөзек ауданында дүниеге келген. Ұлты қазақ. 1994-1995 жылдары әскери борышын өтеген 1996-1998 жылы аралығында Қызылорда аграрлық техникалық колледжінде білім алған. «КАУ» Қазақ академиясы университетінің жоғарғы оқу орнын 2001 жылы заңгер мамандығы бойынша оқуын бітірген.  
Еңбек жолын 2001-2005 жылдары Облыстық ішкі істер департаментінде «Арман»  арнайы мақсаттағы взводының полицей снайпері  болып бастаған.
2005-2006 жылдар аралығында Сырдария аудандық ішкі істер бөлімінде Анықтау тобының аға анықтаушысы қызметтерін атқарып келген
2005-2006 жылдар аралығында Сырдария аудандық ішкі істер бөлімінде Анықтау тобының аға анықтаушысы қызметтерін атқарып келген.
2006-2007 жылдар аралығында Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімінің қылмыстық жедел іздестіру бөлімінің аға оперативтік уәкілі болған.
2007-2008 жылдары «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің Сырдария аудандық филиалының реттеу зал басшысы қызметін атқарған.
 2008-2011 жылдары «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі Сырдария аудандық филиалының басшысы қызметін атқарған.
 2011-2012 жылдары «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі Жалағаш аудандық филиалының  басшысы қызметін атқарған.
2012-2016 жылдары «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорының Қызылорда облысы бойынша департаментінің Сырдария аудандық бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
2016 жылдан бастап «Азаматтарға арналға үкімет» мемлекеттік корпорациясы комерциялық емес акционерлік қоғамының  Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті Сырдария аудандық бөлімі басшысы қызметін атқарып келеді.
       Ауданның экономикасымен мәдениетінің дамуына, ел бірлігін сақтауға өзіндік үлесін қосып келеді. Өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының алғыс хатымен марапатталған. «ХҚКО РМК Орта буынының үздік басшысы» номинациясында «ХҚКО РМК Үздік қызметкері -2014» конкурсының лауреаты бойынша өндірістік үдерісті нақты ұйымдастыруда көрсеткен күш-жігері және қол жеткізген жетістіктері үшін «ХҚКО» РМК Бас директоры Ә.Балташеваның дипломымен және де қосымша «Үздік қызметкер-2014» төс белгісімен марапатталған.  2016 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған, «Ауданның әлеуметтік-экономикалық қызметтінің дамуына қосқан үлесі үшін» Сырдария ауданының 90 жылдығына орай төсбелгісімен марапатталды.
      Сонымен қатар, Облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамовтың алғыс хатымен, Сырдария ауданы әкімінің Г.Қазантаевтың құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы А.Аманбаевтын алғыс хатымен, Қызылорда облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының директоры А.И. Әбибуллаеваның құрмет грамотасымен және де» Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамының  төрағасы Н.А.Оспановтың алғыс хатымен марапатталған.

МЫРЗАҒАЛИЕВА НҰРЖАМАЛ ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ

МЫРЗАҒАЛИЕВА НҰРЖАМАЛ ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ 

«Сырдария аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері

1968 жылдың  7 сәуірінде Қарағанды облысында  дүниеге келген.
Білімі: жоғары,  Қарағанды мемлекеттік медицина институты, емдеу ісі факультеті.
Жұмыс өтілі: Қызылорда қаласының  №2  емхана учаскелік терапевт дәрігері,  қазан айынан бастап профилактикалық бөлімшесінің меңгерушісі.
1998-1999 жж. - Облыстық денсаулық сақтау басқармасының маркетинг және ақпараттандыруды реформалау бөлімінің бас маманы;
1999-2002 жж. - Қызылорда қаласының №4 емханасының бас дәрігерінің орынбасары;
2002-2003 жж. - «Денсаулық» мемлекеттік кәсіпорнының бас маман сарапшы дәрігері;
2003-2005 жж. - «Денсаулық» мемлекеттік кәсіпорнының емдеу сапасын бағалау және талдау бөлімінің меңгерушісі;
2005-2014 жж. - Қызылорда қаласындағы № 2 емханасының емдеу ісі жөніндегі бас дәрігердің орынбасары;
2014-2015 жж. - ҚР ДСМ амбулаторлық-емханалық медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің бас сарапшысы;
2015-2017 жж. - Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқарма бастығының емдеу ісі жөніндегі орынбасары.
2017-2018 жж. «Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Сырдария аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігерінің міндетін атқарушы.
2018-2019 жж. «Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Сырдария аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері.
2019 жылдың наурыз айынан бастап «Сырдария аудандық  ауруханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері.

Отбасылы. Отбасында 2 ұл тәрбиелеп отыр.
 

Жұқалов Нұрғазы Серікұлы

Жұқалов Нұрғазы Серікұлы

Амбулаториялық – емханалық қызметі бар Қармақшы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің экономикалық сұрақтары жөніндегі орынбасары
1982 жылдың қараша айының 09 жұлдызында Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келген.
2003 жылы Қызылорда қалалық «Сейхун» академиясын экономист – қаржыгер мамандығы бойынша тамамдаған.
Жұмыс өтілі:
2005 жылы «Қармақшы аудандық емханасы» ММ-не экономист мамандығы бойынша қабылданған.
2010 жылы мекеменің қайта құрылуына байланысты «Қармақшы аудандық емханасы» МКҚК-на әкономист мамандығы бойынша ауыстырылған.
2012 жылы  мекеменің қайта құрылуына байланысты «Қармақшы аудандық емханасы» ШЖҚ МКК-на әкономист мамандығы бойынша ауыстырылған.
2017 жылдың шілде айынан бастап мекеменің қайта құрылуына байланысты «Амбулаториялық емханалық қызметі бар Қармақшы аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК-на бас дәрігердің экономикалық сұрақтар жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді. Отбасылы. 

 Секретарь Наблюдательного совета

Сәдібекова Гүлмира Ибрагимқызы

Сәдібекова Гүлмира Ибрагимқызы - секретарь наблюдательного совета КГПнПХВ "Сырдарьинская районная больница" управления здравоохранения Кызылординской области

Сервисы

Президент Республики КазахстанНурсултан Абишевич
Назарбаев

Медицинские организации

Здравоохранение в цифрах
Итоги за 3 квартал 2018 года

Фото

Видео