+ Қаріп өлшемін ұлғайту | - Қаріпті азайту
Сырдария аудандық
ауруханасы
Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Call-центр8 (72436) 79-9-11Версия для слабовидящихОбычная версия сайта

Новости

БастыНовостиҚызылша ауруы

Қызылша ауруы

Қызылша –қазіргі таңда ең жұқпалы аурудың бірі болып табылады. Аурудың қоздырғышы РНК құрамды вирус . Қызылша 100%жұқпалы ауру ,яғни бұрын қызылшамен ауырмаған немесе егілмеген адам, қызылшамен ауыру қаупі жоғары болады. Балаларға қарағанда ересектерде ауру ауырлау өтеді.

Ауру себептері
Инфекция ауа тамшылы жолмен беріледі. Вирус сыртқы ортаға сөйлеген кезде түкірікпен, жөтелген ,түшкірген кезде бөлінеді және бірнеше метр қашықтыққа таралады. Вирустың таралуы сыртқы ортаның тұрақсыздығына қарамастан, ауа толқынымен ғимараттың вентиляциялық жүйесі арқылы таралған жағдайлары белгілі.Инфекция көзі- ол айналадағыларға 2 күн инкубациялық кезеңнен 4-ші күнгі бөртпелер шығып ауырған адам.Ал 5-ші күнгі бөртпелері бар адам жұқтырмайды деп саналады.Бұл аурумен ауырып жазылған адам өмір бойы иммунитетін сақтайды.Қызылшамен ауырған аналардан туылған балалар 3 айға дейін бұл ауруға шалдықпайды,өйткені осы аралықта олардың қанында аналық антиденелер сақталады.Бұл аурумен ауырмаған және егілмеген адамдар қызылшаны жұқтыруға бейім болады және өзінің өмірінде кез-келген жаста ауырып қалуы мүмкін.

Қызылшаның клиникалық көріністері :
Клиникалық жіктелісі:типтік, атиптік
Клиникалық көрінісіне қарай: катаральды,бөртпе шығу кезеңі,пигментация кезеңі
Ауырлығына қарай: жеңіл,орташа , ауыр .

Аурудың жасырын кезеңі 9-11 күннен 21 күнге созылады,Қызылша белгілері дене қызуының 39-40 дейін жоғарылауымен, мұрны бітелумен, құрғақ жөтелмен, бас аурумен,тамағының ауыруымен, көздің жасаурауы, былшықтанумен басталады. Ауыз қуысынң кілегей қабықшасында Бельский-Филатов-Коплик энантемасы пайда болады. Бөртпе ақ түсті, кілегей қабықшасынан шығыңқы,айналасы қызыл түсті болады. Дене қызуы төмендеп, теріде бөртпелер шыға бастағанда дене қызуы қайта жоғарылайды. Бөртпелер этапты түрде шығад: бірінші күні- құлақ артында,бетінде,мойында, екінші күні-кеудесінде,қолында, санында, үшінші күні- аяқтарында, табандарында пайда болады.Бөртпе макуло-папулезді,бірі бірімен бірігіп кетуге бейім болады. 3-4 күннен кейін бөртпе басылады, бөртпеден кейін дақтар қалады, ұзақ сақталады.

Тексеру жолдары: Бөртпе шыққаннан 5-7 күндері ИФА Ig M қан сынамасы алынады.

Асқынулар
Асқынулары: екіншілік инфекция қосылғанда пневмония, кератоконьюктивит, энцефалит, диареялық синдром қосылады.

Емдеу жолдары:
Асқынбай тұрғандағы қызылшаның белгілерін емдеу үшін сұйықтықты көп ішу, қызуын түсіретін , тұмау және тамақ ауруын, қақырықты түсіретін препараттар мен витаминдерді қабылдау. Ал қызылшаның асқынған түрін емдеу стационар жағдайында жүргізіледі.

Қызылшаның алдын алу
Қызылшаның алдын алудың ең тиімді және сенімді әдісі вакцинация болып табылады. Қызылшадан егу вирусты жасанды жолмен тоқтату, нәтижесінде ағза өзін қорғайтын иммунитет жасайды. Ең алғашқы вакцинацияны балаларға 12 айлығында , екіншісі 6 жаста жасалады.Егу 15 жасқа дейін өте сенімді қорғауды қамтамасыз етеді

Сервисы

Президент Республики КазахстанНурсултан Абишевич
Назарбаев

Медицинские организации

Здравоохранение в цифрах
Итоги за 3 квартал 2018 года

Фото

Бейне