+ Қаріп өлшемін ұлғайту | - Қаріпті азайту
Сырдария аудандық
ауруханасы
Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Call-центр8 (72436) 79-9-11Версия для слабовидящихОбычная версия сайта

Новости

БастыНовостиМедицина қызметкерлері күні

Медицина қызметкерлері күні

2019 жылдың маусым айының 14-ші жұлдызында Сырдария аудандық ауруханасында «Медицина қызметкерлері күні» мерекесі қарсаңында салтанатты іс - шара болып өтті. Іс-шараға барлық қызметкерлер жұмыла ат салысты.

Шараға қатысып, сөз алған аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев бүгінгі таңда қызмет жасап жүрген барша ауданымыздағы медицина қызметкерлерін шын жүректен төл мерекелерімен құттықтап, шынайы тілегін жеткізді.

Бас дәрігер Н.Мырзағалиева: - медицина қызметкерлері күнімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, күш-жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер, - деп өзінің алғы тілегін білдірді.

Қызметкерлер аудан әкімінің құрмет грамотасымен, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының алғыс хатымен, аудандық кәсіподақ ұйымының құрмет грамоталарымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Аудандық аурухана кәсіподақ ұйымының төрағасы Қ.Ерманов өз игі тілегін білдірді.

Шара барысында медицина саласына ұзақ жылдар бойы қызмет еткен 4 қызметкерді зейнеткерлікке шығарып салу рәсімі болып, қызметкерлерге кәсіподақ ұйымының атынан ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Сервисы

Президент Республики КазахстанНурсултан Абишевич
Назарбаев

Медицинские организации

Здравоохранение в цифрах
Итоги за 3 квартал 2018 года

Фото

Бейне