+ Қаріп өлшемін ұлғайту | - Қаріпті азайту
Сырдария аудандық
ауруханасы
Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Call-центр8 (72436) 79-9-11Версия для слабовидящихОбычная версия сайта

Новости

БастыНовостиХалықаралық медбикелер күні атап өтіледі

Халықаралық медбикелер күні атап өтіледі

Жыл сайын мамыр айының 12-шы жұлдызында Халықаралық медбикелер күні атап өтіледі. Бұл күні ақ халатты абзал жанды медбикелерге құрмет көрсетіліп, олардың еселі еңбектеріне алғыс білдіріп жатады.

Сырдария аудандық ауруханасы аталған мереке қарсаңында жыл сайын мерекелік шара өткізуді дәстүрге айналдырған.

Шара барысында, бас дәрігердің бастапқы медициналық санитарлық көмек жөніндегі орынбасары М.С.Халыбаеваға сөз беріліп, сала мамандарын төл мерекемен шын жүректен құттықтап, атқарған адал еңбектері үшін медбикелерді кәсіподақ ұйымының құрмет грамоталарымен, бағалы сыйлықтарымен марапаттады. Сонымен қатар эксперт медбикесі Н.Мұхамеджан Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен «Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы ұйымының «Құрмет грамотасымен» және 4 қызметкер Аудан әкімінің марапатымен марапатталды.

Сала ардагері Т.Раманқұлға сөз беріліп, мебдикелерді шын жүректен құттықтап, ыстық лебізі мен еңбектеріне ризашылықтарын білдірді.

Салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті медбикелер! Қиын да қызықты қызметтеріңіздің жемісін көріңіздер!

Сервисы

Президент Республики КазахстанНурсултан Абишевич
Назарбаев

Медицинские организации

Здравоохранение в цифрах
Итоги за 3 квартал 2018 года

Фото

Бейне