+ Қаріп өлшемін ұлғайту | - Қаріпті азайту
Сырдария аудандық
ауруханасы
Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Call-центр8 (72436) 79-9-11Версия для слабовидящихОбычная версия сайта

Новости

БастыНовости«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша іс-шаралар

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша іс-шаралар

Сырдария аудандық ауруханасында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Қазіргі таңда кезекті электронды басқару жүйесін енгізу мақсатында электронды терминалдар іске косылып, тіркеу бөлімі жұмысы модернизациялану мақсатында цифрлы пост құрылып, CALL-орталығы жаңадан өз жұмысын бастады. Бұл дәрігерлер кабинетіндегі кезекті азайтуға мүмкіндік береді.

Пациенттердің дәрігерлерге алдын ала жазылуын енгізу пациенттің жеке уақытын жоспарлауға, олардың медициналық ұйымдарда өткізетін уақытын 1 сағаттан 15 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, анализдерді тапсыру кабинеттеріндегі кезекті азайту бойынша жұмыс реттеледі. Мұнда пациенттерге әркез көмекке келуге дайын тұратын медициналық қызметкерлер қызмет көрсетеді.

Пациенттер электрондық жүйе арқылы дәрігерге жазылып, емханаға тіркеліп, қажетті консультация ала алады. Сонымен қатар, дәрігерлік қабылдауға телефон және интернет арқылы (egov электрондық үкімет порталы және «Дамумед» мобильді қосымшасы ) жазылу мүмкіндігі туындады.

Сервисы

Президент Республики КазахстанНурсултан Абишевич
Назарбаев

Медицинские организации

Здравоохранение в цифрах
Итоги за 3 квартал 2018 года

Фото

Бейне